Атырауда есірткі қылмысына қатысты 33 азаматша темір торда жазасын өтеуде

Бүгінгі күні есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестерді заңсыз өткізіп, дайындағаны және тасымалдағаны, сондай-ақ, сақтағаны үшін 19 бен 40 жас аралығындағы 33 азаматша сот үкімімен 5 жылдан 19 жыл мерзімінде темір абақтыда қылмыстың жазасын өтеуде, деп хабарлайды  AtyrauPress тілшісі.

Бүгінде қоғамда кең таралған синтетикалық есірткінің алдын алу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткіге қарсы 671 нысаналы іс-шаралар өткізген. Сонымен қатар, есірткі және психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 108 сайт пен басқа ресурстар бұғатталды.