Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
10 қазан күні сағат 16:00 шамасында Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен №1 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора-2022", "Рефлекс-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде пәтер ішінде әсері қатты дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 1982ж.т., әйел адам мен 1987ж.т., ер адамды анықтап, ұстады. Ерлі-зайыптылардың пәтерінен қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен ғана берілетін 171 трамадол, 97 тропикамид дәрі-дәрмектері тәркіленді.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты іс-құжаттар жинақталуда. Айта кетейік, аталған әйел адам бұрын да дәл осындай құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, атыраулық полицейлер жыл басынан бері заңсыз психотропты дәрі сатумен айналысқан 20 күдіктіні анықтады. Облыс тұрғындарынан заңсыз психотропты дәрі сатқан тұлғаларды көрген немесе байқаған жағдайда міндетті түрде 102 операторына хабарлауын сұраймыз.