Атырауда ерлі-зайыптылар көз жұмды... (+ВИДЕО)

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

12 маусым күні сағат 14:50 шамасында Атырау-Ақтөбе тасжолының 454-шақырымы тұсында Kia Rio және DAF жүк көлігінің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Kia Rio автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Айта кетейік, Kia Rio жүргізушісі соңғы 1 жыл ішінде 4 рет жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғаны анықталды.