Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі өңірдегі күміс волонтерлер қозғалысын дамыту мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Кumis volunteer» жобасы аясында «Волонтерлердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында өткен тренингке Атырау қаласы мен 7 ауданнан 50 жастан асқан волентерлер қатысты. Тренингті әлеуметтік, медициналық, төтенше жағдай, білім волентері, «Халық алғысы», «Жанқиярлық күресі үшін» медальдарының иегері Мейрамгүл Есниязова жүргізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің арасында бастамашыл топтар құрып, өз өңірлерінде әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысу, қайырымдылық, экологиялық шараларды ұйымдастыру, егде жастағы адамдар өз тәжірибелері мен білімдерін басқалармен бөлісуі арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату.
Тренинг барысында волонтерлер «волонтерліктің түрлерімен», «ҚР Волонтерлер туралы» Заңымен, «Күміс волентерлік» терминімен сондай-ақ, жыл аяғына дейін облыс көлемінде күміс волентерлердің қатысуымен өтетін іс-шаралар жоспарымен танысты.