Атырауда ерекше өткел пайда болмақ

Қалалық әкімдік әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе Абай және Махамбет көшелерінің қиылысына диагоналды жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мақсат - жол-көлік оқиғасының алдын-алу және қала аумағындағы кептелісті азайту. Яғни, төрт бағыттағы автокөліктерге бағдаршамның қызыл түсі жанады. Жаяу жүргіншілер кедергісіз кез-келген бағытқа өтіп, көлік жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де кедергі жасамайды.

"Осы ретте, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтап, белгіленген жермен өту керектігін ескертеміз" дейді полицейлер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: urbanblog.ru