Атырауда жаңа оңалту орталығының құрылысы аяқталуға жақын

Атырау облысында ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған 150 орындық жаңа оңалту (реабилитациялық) орталығының құрылысы 98 пайызға аяқталды.

Жаңа орталық жыл сайын мүгедектігі бар мыңдаған бала мен ересекке әлеуметтік және медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Заманауи кешенде 83 арнайы кабинет болады және олардың барлығы қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталады.

Орталықта шамамен 100-ден астам маман — дәрігерлер, реабилитологтар, логопедтер, психологтар және басқа да сала мамандары жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Бұл орталық өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға сапалы әрі кешенді оңалту қызметін ұсынатын маңызды әлеуметтік нысан болмақ.

Ақтілек Базарбаева