Атырауда ерекше балалардың шығармашылық кеші өтті

Оған инклюзивті білімді қажет ететін  8-13 жас аралығындағы 60 бала қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Фестиваль ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың дарыны мен мәдени ерекшелігін дамыту, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету мақсатында өтті.

"Шығармашылық фестиваль аясында  балалар зергерлік бұйымдар мен киіз бұйымдарын жасауды үйренді, сонымен қатар арт-терапия, балшықпен емдеу және аспаздық сабақтарына қатысты. Бүгінгі шара балалардың өмірлік жағдайына қарамастан ойын еркін жеткізуге және жаңа нәрселерді үйренуге жағдай жасаудың маңызды екенін көрсетті",-деді «Теңіз жүрегі» жобасының жетекшісі Рысты Жексенбаева.