Облыс орталығында ер кісіні талап кеткен алабай ит табылды, деп хабарлайды ATPress.kz.
«Городская служба отлова» ЖШС-нің директоры Исатай Оразғалиевтің айтуынша, адам қапқан ит табылып, қазір оны «Балауса» шағынауданында ұстап отыр.
- Итпен бірге оның иесін де таптық. Үй жануарын арнайы базамызға апарып, оны 10 күн көлемінде бақылайтын боламыз. Егер салпаңқұлақтан құтыру ауруы табылса, онда оның көзі жойылады. Ал иттің қожайыны жайлы ақпаратты учаскелік полиция инспекторларына жолдаймыз. Өкінішке қарай, кешқұрым не түнге қарай адамдар тарапынан итті бос қою жағдайлары жиі кездеседі, - дейді «Городская служба отлова» ЖШС-нің директоры И.Оразғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде «Балауса» шағынауданында 43 жастағы ер кісіні алабай ит талап кеткен еді. Қазір зардап шеккен адам облыстық аурухананың травмотология бөлімінде ем алып жатыр.
Автор Л.Салимова.
Аударған Э.Мықтыбаева.