Атырауда ер кісіні алабай ит талап кетті

Атырау қаласында ер кісіні алабай ит көшеде талап кетті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Сұмдық оқиға Атырау қаласының «Балауса» шағынауданында болды.  

Оқиға куәгерлері итке таланып, қансырап жатқан адамды видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, көшеде бейқам тұрған 43 жастағы ер кісіге бірден алабай ит шауып келіп, талап тастаған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы А.Кенжемұратованың берген мәліметі бойынша, жарадар болған адам жедел жәрдем қызметі арқылы облыстық  аурухананың травматология бөліміне  жеткізіліп, тиісті ем алып жатыр.  Оның жағдайы қосымша хабарланады.

P.S: Қосымша дереккөздерден жеткен ақпаратқа сүйенсек, итке таланған кісі медициналық көмек алған соң үйіне қайтып кеткен. Алайда біршама уақыттан соң қайта оралған.