Атырауда ер адам көпірден секірмек болған видео тарады

12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден өз-өзіне қол жұмсамақ болып, суға секіргелі тұрған азаматты байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиға орнына  патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов пен Болатбек Азимов 3 минут ішінде жетті. Ал, оған дейін оқиғаға бейжай қарамаған тұрғындар көмекке келген. 31 жастағы ер адаммен профилактикалық сұхбат жүргізіліп, шұғыл құтқару әрекеті жасалды.

«Қазір 1993 жылы туған Батыс Қазақстан облысының тумасы жедел-тергеу тобына тапсырылды» деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ