Атырау қаласында 1966 жылы туған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол 9 қаңтар күні үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласы Көкарна шағын ауданының тұрғыны, 08.09.1966 жылы туған Назаров Талғат Таубайұлы 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып, содан бері хабарсыз кеткен.
Белгілері: бойы 170–175 см, арық дене бітімді, шашы қысқа, қара түсті.
Киген киімі: қара күртеше, қара шалбар, қара етік.
Ерекше белгілері: эпилепсия дертімен ауырады.
Қазіргі уақытта жоғалған азаматты табуға бағытталған жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
"Кез келген ақпаратты 102 нөміріне дереу хабарлауды сұраймыз", - полиция хабарламасында айтылған.