Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында "102" арнасына 1992 ж.т. азаматша хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген. Аталған мекенжайға дереу жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет ете отырып, 1992 ж.т. азаматша мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтайды.
Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 1992 ж.т. азаматша мен оның 4 жастағы қызын "Аналар үйіне" орналастырып, ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
P. S: Егер сіз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, төменде көрсетілген нөмірлер арқылы құқық қорғпу органдарының қызметкерлерінен кеңес ала аласыз:
☎️102 немесе +7(702)235-19-98 Сенім телефоны: 98-35-32.