Атырауда энергия тапшылығы бизнесті тежейді

Атырау облысына жұмыс сапары аясында депутаттар аралаған нысандардың бірі - аймақты энергиямен қамтып отырған «Karabatan Utility Solutions» компаниясы болды. Оған сбеп - Атыраудағы арнайы экономикалық аймақ аумағынан  шағын және орта кәсіп иелері бірнеше жылдан бері өндіріс орындарын аша алмай отыр. Өйткені, мұнда электр қуаты жетіспейді. Депутаттар Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов  «Karabatan Utility Solutions» компаниясы басшылығына  электр қуатын арттыру жұмыстарын жеделдетуді ұсынды.

Мәжілісмендердің айуынша, газ-химия өнімдерін  шығаратын  12 жобадан электр желісін дәл осы «Karabatan Utility Solutions» компаниясынан алуға ұсыныс түскен. Ол өндіріс үшін 20 мегаватт электр энергиясы қажет екен. «Қомақты қаражатты қажет етпейтін  жұмыстың жылдар бойы кейінге шегеріліп келе жатқаны түсініксіз» дейді депутаттар.

Біріншіден, мәселенің бірнеше жылға созылуына Энергетика минстрлігі жұмысының төмендігі себеп деп есептеймін. Себебі қазірдің өзінде осы жерде 20 мегаваттқа сұраныс бар.  Сол 20 мегаватт қуат үлкен 12 жобаның жыртығын жамайды. Небәрі бағасы 1,1 млрд теңгені қажет ететін бұл мәселені бірнеше жылдан бері кәсіпкерлеріміз көтеріп жүр. Сондықтан, Энергетика министрлігін алдына осы мәселені төтесінен қоямыз деп шешім қабылдап отырмыз» деді Парламент Мәжілісінің депутаты Әіл Жұбанов.

Айта кетейік, мұндағы Электр станция 310 мегаватт электр қуатын өндіреді. Оның 50 мегаватты арнайы экономикалық аймақтағы өндірістерге таратылған. Қалғанын  бірыңғай сатып алушы оператор  таратады. «Karabatan Utility Solutions» зауыты бүгінгі таңда КРІ, газ-химиялық кешенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары да осы зауыттың қуатының нәтижесінде КЕГОК желісі арқылы электр тогын алып отыр.

Баян Жанузакова