Атырауда энергетика саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала мамандарын құттықтап, аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Биыл теміржол бойында орналасқан 12 елді мекенде 213 шақырым электр желісі ауыстырылып, 54 мың адам тұрақты энергиямен қамтамасы етілді. Аудандарда 111 шақырым электр желісі жаңартылып, 137 шақырым көше жарығы жүргізілді. Нұрсая ықшам ауданын электр энергиясымен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Бүгінде Нұрсая-Самал 32 МВт қосалқы станциясы салынып жатыр. Биыл тозығы жеткен 33 шақырым желінің орнына заманауи кабель тартылды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде қала маңында бірнеше ықшам аудан мен орталықтағы көшелер сапалы электр энергиясымен қамтылды, - деді Қ. Нұртаев.
Іс-шара барысында бір топ азаматтың өңіріне ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін», «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгісі тағылды. Оған қоса, сала үздіктеріне ҚР Энергертика министрілігің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты және облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.