Атырауда енді "жұлдызды аспан" болмайды (+ВИДЕО)

Аталған жарық шамдары негізі жаңа жылдық көркем безендіруге арналған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Абай көшесіндегі «жұлдызды аспан» аталатын жарық шамдарының пайдалану мерзімі бір жылдық (маусымдық) болып табылады. Алайда ол қала орталығында 2 жылдай уақыт қолданылды. Бүгінде жарық шамын күтіп ұстау жарамсыз болып бара жатыр. Сондықтан алынып тасталатын болады, деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Аман Латипов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ