Атырауда Елеуғали Дәукеновтың сурет көрмесі өтті

Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде белгілі суретші, ұстаз Елеуғали Дәукеновтың 55 жас мерейтойына арналған «Өнерліге өріс кең» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникац

Қылқам шеберенің көрмесінің ашылу салатанатына өңірдегі суретші достары, туыстары, жас суретшілер мен көрме қонақтары қатысты. Кеш барысында Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне алғыс хат табыс етті.


- Бүгін мерейтойдың иесін қалың көпшілікке таныстыру керек жоқ деп ойлаймын. Күні бүгінге дейін сурет өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азамат ретінде құрметтеймін. Сонымен қатар, жұмысқа алғыр, жан-жақтылығы үшін құрмет тұтамын, деді Т.Орынбасарұлы.
Кеш соңында суретшінің шығармашылық көрмесін ашу үшін салтанатты лента қию рәсімі өткізілді. Көрмеге жиналған қала тұрғындары мен қонақтары қылқалам шеберінің 50-ге жуық туындысын көрме залынан тамашалады.

Айта кетейік, Елеуғали Дәукенов 1967 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған. 1994-1996 жылдары Қазақ-Түрік лицейінде суретші-мұғалімдік қызметін атқарған. 1996-2015 жылдары Атырау Жол жөндеу мекемесінде суретші-безендіруші болған. 2015 жылдан күні бүгінге дейін облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде бейнелеу өнері студиясында суретші-мұғалім болып қызмет етеді.