Атырауда электр желілері жаңартылуда

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев С.Датов көшесі бойында атқарылып жатырған электр желілерін ауыстыру жұмыстарын тексеріп, қадағалады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ АҚ-ның «Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы» (ЭЧ) мекемесіне қарасты қаладағы тозығы жеткен электр желілері ауыстырылуда. Жоба бойынша 41,2 шақырым кабельдік желілер (сшитый полиэтилен) мен 42,7 шақырым әуе желілері жаңартылуда. Сонымен бірге, 18 дана таратушы қосалқы станциясы мен и рансформаторлық қосалқы станциясы және 1100 дана электр бағаналары ауыстырылуда.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары С.Датов көшесінде 75 пайызға, М.Баймұханов көшесінде 50 пайызға, СМП ықшам ауданында 65 пайызға, Контейнерный ықшам ауданында 95 пайызға, Тендік ықшам ауданында 80 пайызға, Тұлпар ықшам ауданы 90 пайызға, Қара Депо ықшам ауданында 70 пайызға атқарылды. Жұмыстар жалғасуда. Мердігер мекеме – “СұңқарҚұрылыс” ЖШС.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ