Атырауда екі жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Ересектердің қадағалауынсыз қалған екі жасар бала Атыраудағы төртінші қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, қазіргі кезде оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Атырау облысы ТЖД мәліметінше, оқиға осы демалыс күндері орын алды. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, нәтижесінде төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Қасиет Бахкерейқызы