21 Маусым, 2022 995

Атырауда екі қабатты ғимарат өртке оранды

 Атырауда екі қабатты ғимарат өртке оранды

Атырау қаласында екі қабатты қараусыз тұрған ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағын ауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген. «Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қызметкері және 1 техникасы, «Ақберен« мекемесінен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды«, - делінген хабарламада.