14 Қазан, 2022 312

Атырауда екі күнге таңнан кешке дейін жол жабылады

 Атырауда екі күнге таңнан кешке дейін жол жабылады

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қала аумағындағы автокөлік жолдарына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 15 және 16 қазан күндері сағат 07:00-ден кешке 19:00-ге дейін Амандосов пен Баймұханов көшесі аралығындағы Берғалиев көшесі жабылатындығын хабарлаймыз. Дегенмен, кешкілік уақытта сағат 19:00 ден кейін жолдар ашық болады.