Атырауда екі күн ыстық су болмайды

Бұл туралы «Атырау жыл жүйелері» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Алдағы аптаның  27, 28 және 29 қыркүйек күндері қалада су болмайды. «Атырау жыл жүйелері» АҚ күрделі жөндеу жұмыстарының  кестесіне сәйкес, жылу жүйелерінде сығымдау жұмыстары жасалынады. Осыған орай ыстық су беру уақытша тоқтатылады.  

Осы ретте «Атырау жыл жүйелері» АҚ қала тұрғындары мен оның қонақтарынан келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.