Атырауда екі қайықтың соқтығысуы салдарынан алты жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Естеріңізге сала кетейік, Жайық өзенінде 3 шілде күні сағат 20:05 шамасында екі қайық соқтығысып, соның салдарынан әр түрлі дене жарақатын алған 7 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен науқастар тиісті ем қабылдауда, деп хабарлайды AtyrauPress. 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилованың айтуынша, жарақат алғандардың ішінде төрт бала болған.

- Атырау облыстық ауруханасы дәрігерлеріне үш науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның екеуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Лор бөлімінде 1 адам ем қабылдап жатыр. Облыстық балалар ауруханасына төрт  бала көмекке жүгініп, біреуі амбулаторлы ем қабылдауда. Бес жасар баланың жағдайы ауыр, ал 14 және 16 жастағы балалар әртүрлі түрлі дәрежеде жарақат алған, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1 бөлігімен (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, соқтығысқан екі қайықтың ішінде барлығы 25 адам болған. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА