Атырауда екі бірдей автокөлік отқа оранды

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға қараша айының 3-і күні, түскі уақытта Атырау қаласы Алиев көпірінің тұсында болған.

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:

"Сұлтан Бейбарыс даңғылы №99 мекен-жайында орналасқан тегершік жөндеу орталығының алдында «Gazelle Nехt» маркалы жүк автокөлігінің жануы салдарынан «Mercedes» автокөлігін де өрт шалғаны анықталды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 1 бірлік техникасы мен 5 жеке құрамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ".