Өңірде «Жұлдыз 3» және «Көктем» елдімекенінен балабақша құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ATPress. kz.
Екі қабатты жаңа бөбекжайлар 160 орынға лайықталған. Білім нысанының құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталды.
Аталған балабақша «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынып жатыр.
Құрылыс бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі таңда 80% жұмыс атқарылған. Бүгінде терезе қондыру жұмыстары аяқталып, төбе жабындылары жабылып, ішкі құрылыс жұмыстары жүруде.
Сонымен қатар, сыртқы инфрақұрылым жұмыстары да қоса атқарылып отыр.