Бұл туралы біз облыстық полиция департаментінен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
9 маусым күні сағат 00:30 шамасында Доссор-Құлсары тасжолының 92-шақырымы тұсында жүккөлік пен "Nissan Teana" автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екінші көліктің жолаушысы оқиға орнында, ал, жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ