Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып өткен автокөлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ATPress.kz.
Оқиға Атырау қаласында сатпаев көшесінің бойында болған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:
17 тамыз күні сағат 22:40 шамасында маркасы Ваз 2114 автокөлігін басқарған белгісіз азамат Сатпаев көшесі “Ардагер” ойын сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2004 ж.т. және 2005 ж.т. жасөспірімдерді қағып құлатып, автокөлікті оқиға орнында қалдырып жүргізушісі оқиға болған жерден кетіп қалған. Қазіргі уақытта маркасы Ваз 2114 автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, жүргізушісі іздестірілуде.
Денсаулық сақтау басқармасы 2004 жылы туған науқастың жедел-жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін және жағдайы тұрақты екенін айтады.