"Атырауда шұңқыр қазу кезінде екі ер адам топырақ астында қалды" деп хабарлайды ATPress.kz.
Жер қазу кезінде су құбыры жарылып, топыраққа көміліп қалған екі жігіт бақилық болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. "18 маусым күні Жұлдыз мөлтек ауданында үй жанында шұңқыр қазу кезінде су құбыры жарылып, топырақ астында қалған 1989, 1999 жылдары туған екі ер адам қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша жариялануға жатпайды" делінген хабарламада.