Бұл туралы біз облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оның айтуынша, 20 қаңтар күні сағат 11:15 қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты, ал, 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстратив