Атырауда «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштер 23%-ға артты

2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдарға 40 858 жолданым түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға жоғары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштердің құрылымы төмендегідей:

• арыздар – 25 182,

• шағымдар – 2 035,

• сұрау салу, үн қосу, хабарламалар – 7 489,

• ұсыныстар – 6 152.

Азаматтар ең жиі көтеретін мәселелер – білім беру, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық салалары.

Сонымен қатар, облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар мен аудан, қала әкімдері тарапынан 2 726 қабылдау өткізіліп, 7 018 азаматпен кездесу ұйымдастырылды. Оның ішінде:

• облыс әкімі – 14 қабылдау, 217 азамат,

• облыс әкімінің орынбасарлары – 40 қабылдау, 130 азамат,

• аппарат басшысы – 3 азаматты қабылдаған.

Жыл басынан бері азаматтарды қабылдау орталықтарына 18 552 адам жүгінген, олардың 15 088-і кеңес алған.