Атырауда ең дарынды балалар анықталады

13 маусымда сағат 10:00-де "Ренессанс" қонақ үйінің мәжіліс залында 300-ден астам қатысушы жинаған "Jas tolqyn" өңірлік жас таланттар байқауының II кезеңін өткізуге арналған баспасөз маслихаты өтеді. 

Байқауға Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының жас таланттары қатысады. Байқау барысында вокал, хореография, аспаптық жанр, дәстүрлі ән өнері және көркем сөз бойынша бес номинациядан ең үздік қатысушылар анықталады. Конкурс қатысушылары бір апта бойы Қазақстанның әйгілі профессорлары мен еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінен шығармашылық шеберлік сабақтарын алады. Номинациялар бойынша іріктеу қорытындысы бойынша 13 маусымда Облыстық халық шығармашылығы орталығы сахнасында Гала-концерт өтеді. Кейін байқау жеңімпаздары Мәскеу қаласында өтетін "КТК-Дарынды балаларға" халықаралық байқауында еліміздің намысын қорғайды.
Баспасөз маслихатына:
•    «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ-ның ҚР үкіметімен байланыс бойынша Бас директордың орынбасары Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин;
•    ҚазҰӨУ ректоры Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов;
•    ҚазҰӨУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры  Марат Болатұлы Нукеев;
•    ҚР халық әртісі Гүлжан Ізімқызы Талпакова;
•    «КҚК-Қ» АҚ-ның ҚР Үкіметімен байланыс департаментінің Қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі бас маманы Айна Задабек қатысады.

"Jas tolqyn" байқауы жайлы:
"Jas tolqyn" жас таланттар байқауы қайырымдылық қызметі аясында "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ қолдауымен бесінші жыл өткізілуде. Батыс өңіріндегі мыңдаған дарынды балалар өздерінің өнерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жоба Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын өнерлі балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты - ұлттық мәдениет пен дәстүрді сақтау және жаңғырту.