Атырауда дзюдодан ұлдар және қыздар арасында Мағауи спорт клубының MAGAUIYA OPEN CUP ашық турнирі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Турнир Атырау қаласының 382 жылдығына орайластырылып өткізіліп отыр. Сайыста Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облысының 1200 спортшысы бақ сынады. Дюздошылар 20-46 кг салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.
- Мағауи спорт клубының ашылғанына биыл 8 ай болды. Клубымыздан мықты 15 спортшымыз қатысты. Жасөспірімдерге мұндай ауқымды көлемде жарыс алғашқы рет өткізіліп жатыр. Негізгі мақсатымыз - жас өрендерімізді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау, осы саланың үздік спортшыларын шығару. Алдағы уақытта доданы халықаралық деңгейде өткізгіміз келеді, деді Мағауи спорт клубының аға жаттықтырушысы Эрман Майлашев.
Жарыстың нәтижесі бойынша 1 орынды Атырау облысы, 2 орынды Маңғыстау облысы, 3 орынды Батыс Қазақстан облысы иеленді.