Атырауда дүкенде тұрып психатроптық дәрі сатқан адам ұсталды

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде психотроптық дәрі сатумен айналысқан 38 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Одан 29 дана трамадол және 11 дана топикамид тәркіленген.  «Аталған азаматша қаңтар айында дәл осындай құқық бұзушылыққа жол беріп, психотропты дәрілерді саудалағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты іс-құжаттар жинақталуда»  делінген хабарламада.