Атырауда дүкен өртеніп кетті (видео)

Атырау қаласында «Дина» базары маңында орналасқан әмбебап дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
«Бүгін, 22 маусым күні сағат 13:04-те облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ғ.Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен түтін шыққаны бойынша шақырту түскен. Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жеткенше дүкеннің шатыры жанып кетті. Соның салдарынан 800 шаршы метр көлемінде төбе жабындысы отқа оранды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт 14:27 сағатта өшіріліп, 14:45 сағатта толығымен жойылды. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр.
Тілсіз жауды сөндіруге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СКЭБР», «Атма Аэропорт» АҚ, «Апаттар медицина орталығы» қызметкерлері күш салды. Барлығы 53 адам мен 13 техника жұмылдырылды.
Видеоны Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынды
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА