Атырауда дизель отынын заңсыз сатумен айналысқан азамат анықталды

Бұл туралы AtyrauPress Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

«Осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотқа жолдануда», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, алдағы уақытта көлеңкелі экономиканы алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылады.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА