Атырауда «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ATPress. kz.
Жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында, Атырау қаласының аумағында 29 тамыз-4 қыркүйек күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
-Жыл басынан бері қала аумағында 93 жол-көлік оқиғасы орын алды. 95 адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, 7 адам қаза тапты. Осыған байланысты көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды ескертеміз. Шара барысында жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, көлік құралын масаң күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, жолдың қарсы бағытына шығу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды тасымалдау ережелерін тексеретін боламыз,-деді, патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары іс-шара барысында жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, көлік құралын масаң күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, жолдың қарсы бағытына шығу, қиылыстардан және жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту, жолаушыларды тасымалдау ережелерін тексеретін болады.