Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері әкімшілік аумақты қарау барысында Тайманов көшесі бойымен Лада Гранта маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатырғандығын анықтап, Батыс-25 қызметкерлеріне бағыттама берген. Аталған автокөлік Батыс-25 қызметкерлерімен Сатпаев көшесі бойынан тоқтатылып,тексеру барысында жүргізушінің 2004 жылы туған жасөспірім екендігі белгілі болған. «Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамының көлік құралын басқаруы) , ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін) әкімшілік хаттамалар жасақталып, 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды» делінген баспасөз парағында. Айта кетейік, атыраулық тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлік тізгіндеген 15-ке жуық жасөспірімді анықтаған.