18 Қазан, 2022 225

Атырауда жыл басынан бері 96 егіз дүниеге келді

 Атырауда жыл басынан бері 96 егіз дүниеге келді

Бұл туралы Атырау облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Альмира Сабырғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биылғы 9 айда 96 егіз, бір үшем дүниеге келген. Өткен жылмен салыстарғанда егіздер саны 9,1 пайызға артып отыр.

- Жыл басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында 6796 сәби дүниеге келді. Соның ішінде егіздер саны артып келеді. Биыл жыл соңына дейін туу көрсеткіші тағы өседі деген үміттеміз, деді А. Сабырғалиева.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 7375 сәби дүниеге келген.