Еңбек дауларын шешу мақсатында 337 жұмысшының жалақы берешектері өтелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров өңірлік коммуникациялар қызметіне мәлім етті. Былтыр еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету бағыттында 12 мекемеге «Сенім» сертификаты беріліп, 122 ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңестер құрылған.
- Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында басқарма «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақтар орталығымен бірлесіп жасақтаған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіптік аурулардың профилактикасы» жоспары негізінде бірлесе жұмыстар жүргізіп, зиянды жұмыс орындарын төмендету үшін еңбек жағдайлары бойынша 245 өндірістік нысан аттестатталды. Облыс аумағында 30 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақат Vizion Zero» меморандумы жасалып, «Халықты бақылау жобасымен» 6 ірі кәсіпорын жұмыс жасап жатыр,- деді И.Әубәкіров.
Фото: ашық дереккөз