Атырауда журналисті үйінің алдында соққыға жыққан күдікті ұсталды

Күдікті "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі О.Вертинскаяны үйінің алдында соққыға жығып бетінен дене жарақатын салған, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Оқиға 19 шілде күні сағат 09:30 шамасында Атырау қаласы, Жұмыскер мөлтек ауданы Муталиев көшесінің бойында болған.

 "1983 жылы туған "Дорожный контроль" ақпараттық порталының тілшісі О.Вертинскаяны үйінің алдында соққыға жығып бетінен дене жарақатын салған 1999 жылы туған күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды" делінген хабарламада.