Атырауда жүкті әйелге ит шабуыл жасады

Атырауда жүкті әйел иттің шабуылынан құлап, ішін ауыртып алған, деп хабарлайды ATPress. kz.

Бұл туралы зардап шеккен әйел әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, ит жүкті әйелді қуып, соның салдарынан жерге ішімен құлап қалған. Кеше, яғни 22 маусым күні дәрігерлерге қаралған соң 7 айлық шарананың жүрегі тоқтап қалғанын білген. Бұл оқиғаның болғанына бүгін үшінші күн. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы А.Кенжемұратованың айтуынша, жүкті әйел қалалық перзентханада дәрігерлердің бақылауында және бұл жағдайды денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев назарына алды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беріледі.