Атырауда жүк және жеңіл көлік соқтығысты

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды.

Бүгін сағат 18:20 минут шамасында "Балауса" шағынауданында жүк көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан маркасы Toyota Ipsum көлік құралына жол бермей соқтығысқан.

Соққы екпінімен жүк көлігі аударылып, сол жерде орналасқан үй қоршауына соғылған.

Соққы салдарынан Toyota көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.