Жылыой ауданында жолға жаяу шығып жоғалып кеткен адам іздестіріліп жатыр деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 ақпан күні Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан Сарықаска учаскесінен 27 қаңтар күні Құлсары қаласына қарай жаяу шығып, осы уақытқа дейін оралмаған 1956 жылы туған қойшының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздестіру жұмыстары "Үлкен төбе", "Сарықасқа" және "Бекжал" жер учаскелерінде жүргізілді. Оған Атырау облысы ТЖД-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері мен 1 жергілікті тұрғын қатысты» делінген хабарламада.