Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 қазан к.ні түнгі сағат 01:00 шамасында Toyota Ipsum автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі мас күйде С.Бейбарыс даңғылы арқылы көлікті басқарып, С.Бейбарыс-Тайманов көшелерінің қиылысында жол қауіпсіздігін қадағаламай, апатқа ұшырады. Соның салдарынан 1991 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы маркасы Mazda автокөлігіне соқтығысты. Соққы салдарынан Toyota Ipsum көлігі оқиға орнында өртеніп кеткен және Mazda автокөлігінің 1991 жылы туған жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр. Автокөліктер арнай тұраққа қойылды.