Атырауда жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер 9 қаңтарға қараған түні Сәтпаев пен Ерниязов көшелерінің қиылысында екі көліктің соқтығысуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

«Зардап шеккендердің  екеуі жабық бас ми жарақатын алған.  Тағы біреуінің  оң жақ санының  үштен бір бөлігі жарақаттанып,  травматикалық шок алған.  Сондай-ақ көліктің бірінде болған әйелдің  миы шайқалған,  мықын сүйектері сынған және  оң көзінің  айналасын тілінген.  Жол апатынан жарақат алған әйелдің  ішінде 5 апталық өлі нәрестесі болған екен.  Ал бесінші  жолаушы бірнеше жарақат алып, есі кіресілі-шығасылы жатыр», - деп хабарлады Атырау облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.