14 Шілде, 2022 821

Атырауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

 Атырауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

14 шілде күні Владимирский көшесінде жол апаты болды, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 20:50 шамасында Атырау қаласы, Владимирский көшесінде Toyota Camry көлігі солға бұрылыс маневрын жасап жатқан кезде қарама-қарсы келе жатқан Honda мотоцикліне жол бермей соқтығысқан. Соққы екпінімен мотоцикл қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне соқтығысқан.

Мотокөліктің 1989 жылы туған жүргізушісі жедел-жәрдем арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда ол жансақтау бөлімінде қаза тапты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.