Жол апатынан бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, кеше сағат 13:00 шамасында З.Қабдолов көшесі бойында 1980 жылы туған азаматтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, қарама-қарсы келе жатқан 1989 жылы туған азаматтың басқаруындағы Lexus көлік құралымен соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінде отырған 1972 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.