Атырауда жол апаты салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе-Атырау-Астрахан күрежолында жол апаты болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 11 ақпан күні сағат 18:00 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тас жолының 545 шақырымы тұсында болған. "Toyota Alphard автокөлігі оңға бұрылу кезінде бір бағытта артынан жүріп келе жатқан ПАЗ автобус көлігі қауіпсіздік шараларын ескермей, Toyota Alphard автокөлігінің артқы бөлігінен соқтығыс жасаған. Соқтығыс салдарынан Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы (яғни 4 адам) түрлі дене жарақатын алып, жедел жәрдем және төтенше жағдайлар департаменті автокөлігімен ауруханаға жеткізілді", -  делінген хабарламада.