05 Ақпан, 2022 1504

Атырауда жол апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді

 Атырауда жол апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «5 ақпан күні сағат 12:00 шамасында Астрахань-Атырау-Ақтөбе республикалық тас жолының Мақат кентіне бұрылысында Toyota Camry және «ГАЗель автокөліктері соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.