Атырауда жоғалғанына екі тәулік болған азамат іздестіріліп жатыр

Атырау облысы, Құрманғазы ауданында жоғалған адамның іздестіріліп жатқанына екі тәулік болды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  "Екінші тәулікте Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінде 1972 жылы туған азамат Т.А.-ны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштер мен құралдары 7 адам, 1 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен 2 адам 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды" делінген хабарламада.

  Айта кетейік, көптоғайлық азамат 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.