Құрманғазы ауданында жоғалған азамат Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінен 3 км қашықтықта орналасқан Шортанбай ауылынан аман – есен табылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Көптоғай ауылының тұрғыны 1972 жылы туған азамат Т.А. 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған болатын.
Құтқарушылар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасқан болатын. Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді. Денсаулығы қалыпты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 6 қызметкері 1 бірлік техникасы және АПБ 4 қызметкері 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.